Бұл бетте «Киелі жер – Кереку» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айдынында билеген аққу керім,
Аққулы өңір – аймаңдай гаккулі елім.
Ақтоғай мен Тереңкөл – жауһарларым,
Айбынымның белгісі – Ақсу менің.
Жайлауыңда – тай-құлын,
Қойнауыңда – байлығың.
Ғасырларға жалғанды
аман-есен ай-күнің.
Қарағайлы орманы –
дархан дала қорғаны.
Киелі жер Кереку –
адамзаттың арманы.
Баянауыл – жүрегі Сарыарқамның,
Қолаңшашын Ақбетте таратқан күн.
Ертісіммен еншілес Железинім –
ақ бидайын сапырған Жаратқанның.
Майдың елі – айбарлым қалмақ қырған,
Екібастұз – көмірлі алқап тұнған.
Шарбақтым мен Успенім – алтын көпір,
Ел мен елдің арасын жалғап тұрған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі