Заң дәстүр – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Заң дәстүр» атты Қалқаман Сарин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2017
  • 0
  • 1
  • 16079
Ата заңымның анасы болған дәстүрім,
Ата салтында – ғажайып ғұрып, жақсы ырым.
Ата бабамның ақ отау, алтын бесігі –
Атамекенім! Алладан соңғы басты ұғым!

Шариятымды, ар-ұятымды шаң басып,
Шаңырақ қалды. Шежіре сырдан шал қашып.
Шала білетін ұлтымның ұлық тарихын,
Шалағайлар жүр ата дәстүрден алжасып.

Қасиет қалмай, береке болмай ісімде,
Қас дұшпан келіп қасықтап қанымды ішуде.
Қасымхандардың қасқа жолынан адасып,
Қасқырдай болып ұлиды- ау, үрей ішімде.

Есімнен қалған елді адастырмас ескі жол,
Есімдегі әлгі ән, «Елім- ай» еміс естілер.
Есіктен қарап қалмасын қайран қазағым,
Есілге қонған есіл ерлерім, есті бол!

Тәуелсіздіктің жолында кеше мың өлдік,
Тәубасын айтып Тәңірге бүгін жүрер жұрт.
Тәуекел етіп, жеті жұртымның қамын жеп,
Тәукедей, сірә, жасайтын кім бар бір ерлік?!

Залалы тимей заманды мынау кім күштер?
Заңғар таулардай бола алар ма екен «білгіштер»
Заманалардан қазақтың заңы – дәстүр ғой,
Заң бұзғандардың бәрі де, ендеше, қылмыскер.


Пікірлер (1)

Гүли

Қасиет қалмай, береке болмай ісімде,
Қас дұшпан келіп қасықтап қанымды ішуде.
Қасымхандардың қасқа жолынан адасып,
Қасқырдай болып ұлиды- ау, үрей ішімде.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заң дәстүр өлеңінің авторы кім?

Қалқаман Сарин — осы өлеңнің авторы.

Заң дәстүр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заң дәстүр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалқаман Сарин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заң дәстүр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері