Өлең, жыр, ақындар

Батасын берер сол кезде әже, аталар

  • 07.04.2017
  • 0
  • 0
  • 4099
Бақ күткен екеу бүгiнде дағы, кеше де,
Махаббат көлiн қос ғашық болып жүздi бiр.
Ата мен ана бала ғой әлi десе де,
Гүл атты бүгiн қыз ғұмыр.

Жүзiне дағы қарайды бiрi бiрiнiң,
Болашақ атты бақытқа ендi ой кетiп.
Балдырған қыз ең, кеңейiп дағы ұғымың,
Қалдың ба сен де бойжетiп.

Еркелiк көрiп, сезгенмен қамқор алақан,
Бәрiбiр қызға бұйырар бақыт қиядан.
Өзiңдi санап жүргенде әлi балапан,
Ұшар күн кептi-ау ұядан.

Болашағыңның кеңiтер кеуде сарайын,
Айтыла берер әрдайым саған ақ тiлек.
Өзiңе ендi ата-анаң, бауыр, ағайын
Қалады бүгiн бақ тiлеп.

Кеткенмен ұшып, көңiлдерi бәрiбiр бiр сенде,
Тiлейдi сенiң тiршiлiгiңнiң бүтiнiн.
Ұмытпа ендi жарыңмен қайда жүрсең де,
Туған үйiңнiң түтiнiн.

Өйткенi сенi осында бесiк тербеткен,
Келгенсiң мұнда өмiрге болып нәресте.
Қуанған, күлген, жылаған кезiң – ержеткен,
Тұрады екен бәрi есте.

Мiнеки, ендi қалыңдық сен де атандың,
Тәлiмiң менен тәрбиең – бәрi еркiңде.
Өзiңдi өсiрген осынау киелi Отанның
Атына кiрдi келтiрме.

Бойжетiп қапсың, осылай уақыт, өтер күн,
Жарыңды сыйла, артады сонда бағаң мың.
Ғибрат берген тәлiмiн ұмытпай Әкеңнiң,
Ақ сүтiн ақта Анаңның.

Көрiнбей жүрсiн жасаған iстiң бiрi мiн,
Батасын берер сол кезде әже, аталар.
Балапан-дәурен, кеуделердегi гүл-ұғым,
Күн келдi келiн атанар.

Өзіңе бүгін туған үй, туыс – бәрі де
Қалғанмен артта болашағыңа бақ тілеп.
Жұбайлық күндер қуанышында әлі де
Айтыла берер әрдайым саған ақ тілек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайтқа арнау

  • 0
  • 0

Жүректерді ізгілікке елең ғып,
Сонда айтылар әсем ән мен өлеңді ұқ.
Салтанат па, мереке ме, мейрам ба,
Бір-біріне "Құтты болсын!" деген жұрт.

Толық

Талай ару үміт іліп ақ таңға...

  • 0
  • 1

Өмір мәні десіп жұрттар біледі -
Бұл ғасырдың жаңалығын құп алу.
Содан ба екен, күні-түні - үнемі
Интернетте отыратын бір ару.

Толық

Әкені қызының құттықтауы

  • 0
  • 1

Таниды әр кез жан-жүрекпен кісіні ел,
Әке, сізді бүгін бәрі түсінер.
Құрдас десе сізді тұстастарыңыз,
Аға дейді сізді барлық кішілер.

Толық

Қарап көріңіз