Тыныштық сақшылары
Бұл бетте «Тыныштық сақшылары» атты Мешітбай Құттықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір тәулік «станциясын тыныштықтың»
Басқардым,
Телефоннан дыбыс күттім.
Бір тәулік шаршадым мен,
Келістіріп,
Арасын қиянат пен дұрыстықтың.
Береді адасса да маған хабар,
Береді таласса да маған хабар.
Көңілі маған айтса,
Жай табардай,
Тәрізді тасқыннан да аман қалар.
Жүгірем әділетті шырақ қылып,
Тыңдаймын айсыз түнде құлақ түріп.
Бір сенде ой-қиялым,
Бір сен үшін,
Келемін мен жанымды лақтырып.
Тағы да бір таң атты көз алдымда,
Қиыны,
Қызығы мен өз алдына.
Бастыққа «тыныштық» деп баяндадым,
Мен бүгін елден бұрын сөз алдымда.
Есігін тыныштықтың айқара ашып,
Таңменен арайланып,
Тұрдым тасып,
Азанғы түтінді енді көріп тұрмын,
Асыққан адамменен дидарласып.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі