Ей, жолаушы!
Бұл бетте «Ей, жолаушы!» атты Мешітбай Құттықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ей, жолаушы, ойланыңыз енді сіз,
Кей істер бар қылмыстарға бергісіз.
Қарулыдан бетер кейбір мас шофер,
Қашан мерт қып кететіні белгісіз.
Мас шоферге жол теңіздей телегей,
Салдыр-күлдір, ой шұқырды елемей,
Бұрылыста аунап барып қайтады,
Тайдай толқын тарпып соққан кемедей.
Бір шофердің қылығынан санасыз,
Жолаушылар есі кетіп шарасыз.
Байқамаса бірер секунд өтпей-ақ,
Бала әкесіз, ана қалар баласыз.
Ей, жолаушы, ойланыңыз енді сіз,
Мұндай істер қылмыстарға бергісіз.
Ішіп алған шофер де бір дұшпаның,
Қашан мерт қып кететіні белгісіз.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі