Эссе және өлең-жыр байқауы

Тіл – халқымның баға жетпес мұрасы

Қадірлісің сен маған, ана тілім
Мақтанышы елімнің, қайран тілім,
Өзіңнен әріп танып, алдық білім.
Бойға сіңген ана тілдің арқасында,
Әрбір атқан таңым жарық менің.

Тіл – халқымның баға жетпес мұрасы,
Алшақтау ғой тіл мен алтынның арасы.
Өмірде жүрекке жылы тиер сөз болмаса,
Алтынмен адамның жазылмас жарасы.

Шәкәрім, Абай, Ыбырай жырлап өткен,
Жазған жыры, өлеңі ғажап неткен.
Әрбір айтқан сөздерінен олардың,
Жанға шипа беретұғын нұрын сепкен.

Ананың ақ сүтінен бойға сіңген,
Күш, қайрат, жігер алам ана тілден.
Қай елде, қай жерде жүрсем дағы,
Өз тілімді қадірлеп, мақтан етем,
Туған тілді әрдайым сақтап өтем.


Қарап көріңіз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×