Бұл бетте «Ватсапптағы бейтаныс жігітке» атты Айдана Боранбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір жігіттен ватсаппқа бір хат келді,
Хатын ашсам "сәлем" деп белгі берді.
Әңгіме деген көп уақытқа созылып,
Бір сағат қалай дегенше өтіп кетті.
Содан кейін бұл хаттар ұмыт қалды,
Жазарын күте-күте көзім талды.
Сол кезде орындаған тәтті әні,
Жүрегімде ойып тұрып орын алды.
Сол жігіт қайтіп енді жазар ме екен,
Ойына түспей қалсам жазбас пе екен.
Ватсапптағы сол сымбатты кербез жігіт,
Ойыма неге күнде түседі екен.
Ол адамға жыр жолдары таусылмайды,
Ішімдегі алаңдауым басылмайды.
Жіберейін осы жырды сол жігітке,
Әйтпесе іштегі дерт жазылмайды.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі