Сағыныш – Султангалиева Перизат

Бұл бетте «Сағыныш» атты Султангалиева Перизат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүрегіме шоқ болып түсіп, өртедің барлық тамырды,
Сағыныш сезім жүректі шарпып, қуаты мықты, жалынды....
Сол сағынышты сөндірем енді, сөндірем енді қалай мен?
Маған беймәлім тылсым бір күшпен тағатсыз сені сағынды.
Күнде де түнде, қайда болсамда, тек сені жалғыз ойлаймын,
Бейнеңді елес есіме алып, көркіңе әсте тоймаймын.
Қанжардай тіліп, азапқа салып, қинап жатса да жүректі,
Сағына берем, үміт үзбеймін, сағынуды мен қоймаймын...


Пікірлер (1)

Рауан

Тамаша өлең

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері