Кейде есер көңіл құрғырың – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Кейде есер көңіл құрғырың» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 5
  • 41598
Кейде есер көңіл құрғырың,
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алқынар.

Тартқан бейнет, өткен жас,
Жүректің отын сөндірмес.
Махаббат – өмір көркі, рас,
Өлген соң ол да үндемес.

Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар.

Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі – тұл,
Доссыз ауыз тұшымас.


Пікірлер (5)

Думан

№1

Сәлімжан Әлислам

Тағы көптеу өлендері барма негізі өте керемет

Айхан

Абай Құнанбайұлы деген жазудың немесе суретінің үстіне басса көп еңбегі ашылады.

Фатима

Керемет жаттауга ынгайлы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейде есер көңіл құрғырың өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Кейде есер көңіл құрғырың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейде есер көңіл құрғырың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейде есер көңіл құрғырың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері