Имандылық иірімі
Бұл бетте «Имандылық иірімі» атты Мейрбек Жампозов жазған адамгершілік туралы өлең берілген.
Имандылық өн бойыма жиылған,
Бабалардың өсиетімен құйылған.
Құран сөзі қасиетті қағида,
Пешенеме жазылған да бұйырған.
Қастерлейміз ата ұрпақты текті деп,
Көрген жоқпыз қас жаулардан тепкі жеп.
Тәуелсіздік тәбәрік боп келгенде,
Өз ылаңын салып жатты секта кеп!
Ойранын сап отбасына ұйыған.
Тыңдатты олар пәк халқыма сұйық ән!,
Көрген жасты жетегіне тартатын,
Мен олардан қалай, қайтіп тыйылам?
Сақал-мұртты қоюды құн санайды,
Айлаға сап, шарғымен тұл санайды.
Әп-әдемі әйелдердің нұрлы жүзін,
Харам санап пердемен тұмшалайды.
Уағыздаса қорқыныш құрсауменен,
Тітіркеніп шошиды дел-сал денем!
Аяқтатты талайдың пәк өмірін,
Өзді өзіне қанды қол жұмсауменен.
Ардан алыс адасқан құр қиялы,
Жамандықтан жастарды кім тияды!.
Сөзі у, қылығы қу айласы асқан,
Жаныңа жақындатпа сұрқияны.
Талайларды тәрбиеден даралап,
Секталар жүр пәк жандарды жаралап.
Есің болса елдігіңді ұмытпай,
Хақ дініңді айыра біл саралап!
Жампозов Мейрбек Тайманұлы
Авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім дегенді таңдау керек.
Қай жерде ол қалай өзгертсем болады?
Керемет Мейірбек!Өрлей бер!
Мейірбек інішегім өнерің өрге жүзсін. Қаламың мұқалмасын.
Өзгерту үшін: өлеңнің жоғарғы жағында Қаламның суреті болады. Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.
Акын жигит жарайсын!!!
Керемет олен! жарайсын
Мейірбек шабыттана бер
Рахмет бəрінізге!
Жарайсың Мейірбек
Жарайсың, Мейірбек! Жас болсаң да жырларың мəнді, мағыналы. Шабытың шарықтай берсін! Жазарың көбейе берсін! Жақсы жырларыңды күтеміз.
Миірбек жарайсың!биіктен көріне бер!жақсы жырларын көп болсын!
Мейрбек оте сезимтал жан сондыктан олендери журекке жетеди!
Керемет! Оте асерли олен, жастарымызга осиет ретинде колдана алатындай олен!
өлең өте мағыналы, қоғамдағы мəселені дəл жəне көркем суреттей білген. шығармашылық табыс тілеймін өлең авторына!
машаллах оте керемет манди олен!
Керемет
Рахмет баршанызға!!!
Мейрбек, қаламың мұқалмасын! Аудан бойынша үздік акындардың бірісің. Өлеңін мағыналы, тәрбиелік мәні зор екен! биіктерден көрейік
Жарайсын !Биіктен көрін
Аға өнеріңіз өрге жүзсің,қаламыңыздын сиясы таусылмасын.Шабытыныз бітпесін.жарайсыз.Өлеңдеріңіз болашақ әдебиеттерде сақталсын.
Машаллах керемет!
Жастарға құнды өлең керек. Осындай өдеңдермен өрлей бер. Ақын жаның əрқащан халықпен бірге болсын. Өлеңдерің өте керемет.
Ортаға қажетті қоғамдық мәселе екен,жазарың таусылмасын!
Керемет!Онерiн шындала берсiн
Шығармашылығың шыңдала берсін.Биік белестерді бағындыра бер!!!
Каламыннан жыр тогиле берсин,керемет
Керемет жазылған екен
Жарайсың