Жыл тәрбиешісі сайысына таныстыру

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Сәлем беру елдігіміз, салтымыз,
Арта берсін ерлігіміз, даңқымыз.
"Жыл тәрбиешісі" сайысына кеп тұрмыз,
Армысыздар жиналған жұрт халқымыз.
Есімім менің - Сағыныш деп аталған,
Руым-тілеу, кіші жүзден таралған,
Қос бәйтерегім - Тойбазар мен Сағынайе
Тәрбием менің әкем менен анамнан.
Жолын қуам әкемменен анамның,е
Ара жігін ажыратып жақсы менен жаманның,
Балажанды мінезім бар сүйкімді,
Бала жанын түсінетін сиқырлы,
Мамандығым мінезіммен үйлесіп,
Болып шықтым тәрбиеші сый түрлі.
Өзіме ұнайды м,амандығым тап шыным,
Мәз боламын естіп бала, бал тілін,
Асығып келем, сағынып келем жұмысқа,
Балалардың еркелеген тәтті үнін.
Ата-анамен бірлесіп ой түйеміз,
Сол ойменен бірге өмір сүреміз,
Бір қызығы балалармен күлеміз,
Бір қызығы ойнап бірге жүреміз.
Өнерлінің құлшынысын үзбедім,
Қызықтырып қажеттінің тізбегін,
Өнер, білім, ілім, ғылым барлығын,
Бар баланың бойынан мен іздедім.
Бала деген жазылмаған ақ парақ,
Сол параққа жазылады ақпарат,
Әлемдегі бар баланың бақыты
Жылулық пен махаббаттан басталат.
Берейікші сол жылылық пейілді,
Аялайық анасы боп мейірлі,
Түсінейік жан дүниесін баланың,
Сол балалар ертеңі ғой елімнің,
Болашағы мына байтақ жерімнің!


Пікірлер (1)

Жадыра

Отели асерли

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыл тәрбиешісі сайысына таныстыру өлеңінің авторы кім?

Арыстанова Сағыныш Тойбазарқызы — осы өлеңнің авторы.

Жыл тәрбиешісі сайысына таныстыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жыл тәрбиешісі сайысына таныстыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арыстанова Сағыныш Тойбазарқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыл тәрбиешісі сайысына таныстыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері