Өлең, жыр, ақындар

Ауыл сағыныш

Қалаға келдім,
Қиын тағдырым күтті алдан
Шапағат күттім,
Аулымдай көріп  жұрттардан.
Жетелеп келген,
Артыма қарайлатпастан.
Орындалуы күмәнді,
Көкейде жүрген күпті арман.

Ауылда қалды,
Жаныма жақын достарым.
Сағынам кейде,
Шүйіркелесіп бас қосқанын.
Қалада ше,
Бейтаныс  адам,жат қылық,
Қызықтырмайды,
Жасанды әзіл- оспағың

Асы да мәнсіз,
Құрай салған ба жоқ ,бардан
Тәттісі керім,
Шаршадым ылғи торттардан.
Сағынып жүрмін,
Күйбеңдеп әжем жабатын,
Таба нанды мен,
 Қызартып  алған шоқтардан.

Қалаға жат боп,
Төмпешік пенен қыраттар,
Қайнаған тірлік,
Сарқылардай ма қуаттар.
Талас тартыспен,
Күн  кешіп жатқан тырбанып,
Қалалықтарда
Биік-ақ екен мұраттар.

Ауылда ғажап,
Үні  шығады төлдердің,
Қаладан аңсап,
Шаңыңды сенің мен келдім,
Шаршатты  миды,
Машиналардың гүрілі.
Сондықтан келер,
Өзіңде жатып емделгім.

Ауыл  сағыныш,
Қаланы жүрсем бақылап,
Есіме түссе,
Жылағым келет жатып-ап.
Орнын да тапқан,
Жанымның жайлы төрінен.
Ұмытылмайды ,
Кіндік қан тамған топырақ



Пікірлер (1)

Керемет өлең маған унады. Кимнин басынан отпеди ол

Керемет өлең меган унады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз