Іңкәр көңіл

Бұл бетте «Іңкәр көңіл» атты Құттыбек Баяндин жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өзіңе ғұмыр бойы іңкәр көңіл,
Үкілі домбырамнан күй боп төгіл.
Айдында аққу жүзген ару сүйген
Не деген ыстық едің айһай өмір.
Ән де сен, сән де сенсің, жыр да сенсің
Таусылмас, айтсам қанша сыр да сенсің.
Табысқан махаббатпен сүйген жарға
Шікін-ай, тең құрбыда арман бар ма?
Қылығы қызған шоқтай жастық шақта,
Сейілдеп серуен құрған саябақта.
Сезімді сеңдей соғып сорғалатар,
Бұлбұл құс тамылжытып ән салғанда.
Күн шығып, шың басына нұр шашқанда,
Өзіңмен бақыт таптым бұл жалғанда.
Табысқан махаббатпен сүйген жарға
Шіркін-ай, тең құрбыда арман бар ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іңкәр көңіл өлеңінің авторы кім?

Құттыбек Баяндин — осы өлеңнің авторы.

Іңкәр көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іңкәр көңіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Іңкәр көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері