Өтеді бар жаңалық мен арқылы
- 0
- 0
Өтеді бар жаңалық мен арқылы,
жоқ бірақ шын жаңаның болар түрі;
кей күндер маған сыймай өтіп жатыр,
қаламын кей сағаттан мен артылып.
Бұл бетте «Болашақ ұрпаққа сенемін» атты Гүлбар Муфтахова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өтеді бар жаңалық мен арқылы,
жоқ бірақ шын жаңаның болар түрі;
кей күндер маған сыймай өтіп жатыр,
қаламын кей сағаттан мен артылып.
Сені ұйқас өрмегелі түнделетіп
Кетіпті-ау айлар бітіп, күндер өтіп.
Қызық сөз, қыңыр ойлар, болды кезің
Менің де ыңғайыма бір көнетін.
Кештіғұрым ескенде тау самалы
менің жаным ғажап бір ән салады.
Ән саламын, сүйгелі бір сұлуды,
бір сұлуды сағынып аңсағалы.
Жеңілдеді тіршілік, жеңілдеді
ақтарғалы сырымды көңілдегі.
Күй тартқыш деп достарым мақтағалы,
жақтағалы жігіт деп елім мені.
Салқындық күзден қапты жас қанымда
сыр да жоқ, сиқыр да жоқ басқа мұнда.
Өсіппін бір бұрышта қоңырайып,
қоңыр боп алғаш көрген аспаным да.
Алғаш рет көтерді екен туды кім
тіккен туға табынды екен кім бұрын?
Қарқ етті алғаш қара қарға қай маңнан,
сайрады алғаш қай орманның бұлбұлы?!
Нəзерке
Маған ел туралы отан туралы өлеңдер өте ұнайды. Бұл өлеңді жазған Гулбар əпшемізге үлкеп рахмет!!!!!!!
Нəзерке
Маған ел туралы отан туралы өлеңдер өте ұнайды. Бұл өлеңді жазған Гулбар əпшемізге үлкеп рахмет!!!!!!!