Әже
Бұл бетте «Әже» атты Адель Касенбаева жазған әже туралы өлең берілген.
Қай кезде де немеренің амандығын ойлаған,
Жыламасы үшін оған қатаң шектеу қоймаған.
Мейірімін, даналығын әжеміздің бүгінде,
Өткен уақыт, ауыртпалық титтей болсын жоймаған.
Әже сізге алғысымды жеткіземін өлеңмен,
Сізді үнемі асылдардың асылындай көрем мен.
Жүзіңізді басса дағы қартайтатын әжімдер,
Сөзіңізден сол баяғы жылулықты сезем мен.
Асыл әжем ұзақ біздің болыңызшы ортада,
Туған туыс, немерелер алыс жерде болса да,
Сіздің аман жүргеніңіз бізге үлкен күш беред
Сізбен ғана қиындыққа күш береміз тойтара.
Әрқашан да есте болсын, ағайын жұрт, балалар,
Әжелер ғой бізді ойлап, ақыл айтар даналар.
Құрметтейік асыл дара әжелерді қашан да,
Сөз айтпайық өте қатты жүректерін жаралар.
Жарайсың!☺☺
Сәлем өте керемет ❤ Жарайсың, биіктерден көріне бер. Сәттілік
Тек кана алга
Керемет өлең жолдары ажемиздин 80 жас тойына осы өлең жолдарын айтады үлкен ұлым. Каламын уштала берсин тек қана бииктерден корине бер және айтар жазар өлеңің таусылмасын
Өте керемет өлең
Әдемі жазады екенсің!
Өте керемет маған ұнады. Әр қашанда биікке өрлей бер
Керемет олен екен