Тəубеге кел!
Пах-пух,тарс-тұрс жаңғырады айнала
Қарамастан кедейіңе,байға да
Маңдай термен,айлап тапқан ақшаңды
Бір ақ сәтте жібердің жарып жәй ғана
Ысқырдың да,көтердің басқа көшені
Алғандай боп өткен жылдан есені
Іштің де келіп тоңқыдың аунап алаңда
Соры қайнаған шайтанның асау есегі
Гүлісің өзің дегенге мынау "бешірдің"
Секіріп билеп,мақтауға тіпті есірдің
Ішіңе қонған дұшпанның қырық елі бар
Солардан басқа тигізер саған кесір кім?
Шайтанның суын отырғаныңда майдалап
Нәпсі де қиын,жүре алмайсың тайғанап
Есіңді білмей еденде сұлап жатқанда
Жарыңның тәнін жүр әне біреу аймалап
Далада қаңғып,ұмытып мүлде үй барын
Ұшты ғой желге еңбекпен байғұс жиғаның
Әлі де болса ішуді таста біржола
Кеудеңде қалса кішкене болсын иманың
Бойыңды тазарт,айналып өтпе ғұсылдан
Тазалықты сүйеді нағыз мұсылман
Түзу жолдан адаспа еш,себебі
Сүйген құлдарын Аллам құстай ұшырған!
(С) Абзал Алтый
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі