Көзінен басқа ойы жоқ
Бұл бетте «Көзінен басқа ойы жоқ» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзінен басқа ойы жоқ,
Адамның надан әуресі.
Сонда да көңілі тым-ақ тоқ,
Жайқаң-қайқаң әр несі.
Білмейсің десе, жел өкпе,
Дейді дағы – тәңірі ісі.
Бірінен бірі бөлек пе,
Иемнің әділ пендесі?
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі
Наданның көңілін басып тұр
Қараңғылық пердесі.
Ақылдан бойы қашық тұр,
Ойында бір-ақ шаруасы.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Малқұмар көңілі – бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі?
Жүректе айна жоқ болса,
Сөз болмайды өңгесі.
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі.
Əкем ғой асөар таудан көрінген Анам ғой айдын-шалдар көлдердн
Анамда əкемде Еркелетедіөзімді
Мəпелетіп аялатып өсірген.
Керемет
оте-оте керемет
Күшті жазылған
Тамаша жазылған
Абайды окып тусынсен онда журек пен иман бар
Өте керемет
Керемет
Өте өте керемет өлең әсерлі❤️
Балжан маладецц
Оте асерлы олен!
Әдемі өлең
Керемет өлең! Абайдың «Көзінен басқа ойы жоқ» – надандықтың айнасы. Бұл өлеңді оқыған сайын Абайдың даналығына таң қаламын. Рақмет сайтқа, Абай өлеңдерін жинап, сақтап жүргендеріңіз үшін! Әрқашан осы бетке кіріп, қайта оқимын. Надандықтан арылуға шақыратын осындай сөздер қазақ үшін қымбат.
Күшті күшті жазған
Малодец
❤️❤️