Тұғырлы өлке - Маңғыстау! – Зейнеп Таңжарқызы

Бұл бетте «Тұғырлы өлке - Маңғыстау!» атты Зейнеп Таңжарқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алмасып жылдар ғасырдың ізгі дертімен,
Өрледі заман, тарихын жалғап еркімен.
Маңғазды дала-Маңғыстау тарих дастаным,
Бұл күнде шаһар алысқа жетті көркімен.
Қырықтан асып кемелді жасқа ел сенген
Биікке жетіп заңғардай зәулім теңселген
Ар мен намыс ұлттық дәстүр жалғасып
Арман қалам бойын тіктеп еңсерген
Қанатын қағып толқынмен бірге жарыса,
Шабытын берді аласа таулар тарыса
Қапырық дала шөліне келген жолшының
Аңызақ желім шипасын берді қажыса
Мерейің өсіп бүгінде дала өрледің
Толтырып жасты Каспиймен бірге сермедің
Көрсін деп талай жылдармен жасап ғасырды
Жарқын сəттер келер күнге дем бердің
Теңізбен тасып аққуға мына үн қосқан.
Толқытып жанды ,ақынға дəру жыр қосқан,
Тарихтан құрап шежіре болған түбектің.
Ғұмыры биік, өмірі ұзақ шың дастан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

макенкызы ғазиза

Оте керемет олен екен!онериниз орге жузсин!!Алла тагалам колдап коргап журе берсин сизди!!!Олен шыгару оте киын істердің бірі!!Екінің бірінің қолынан келмитін нəрсе!!Сіздің ұстанымыңыз бойынша менде "тек алға" дегім келеді!!!Ак апам!!!

Zami

Рақмет!

Айлин

Рахмет улкен

Осы автордың басқа өлеңдері