Мен сені ұмытамын себепсізден – Зейнеп Таңжарқызы

Бұл бетте «Мен сені ұмытамын себепсізден» атты Зейнеп Таңжарқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ғайып болып жоғалшы таба алайын
Жүрегімді босатшы болма уайым
Сағындырып сағымның елесіндей
Кемесіндей кезбезі жыламайын
Тоқтат бəрін ұстама таста мені
Соқсаң мейлің басқаға тасқа мені
Жүрегімді тезірек босат менің
Жылатасың бір күні босқа мені
Кетіп қалшы келместің кемесіне
Дақ түсірмей жоғалшы сезіміме
Мен сені ұмытамын себепсізден
Түсе берме сен енді сен есіме


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері