Сезімдегі сенімнің жоғалғаны – Зейнеп Таңжарқызы

Бұл бетте «Сезімдегі сенімнің жоғалғаны» атты Зейнеп Таңжарқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүрегімнің пердесін құлыптадым
Ашамын деп ойласаң құныққаның
Сезімдегі сенімді өшіргенмін
Мен деген махаббатты ұмытқанмын
Мен деген махаббатты ұмытқанмын
Ғашықтықтың тұмарын ұлықтар кім
Жүрегімде онсызда күнде арпалыс
Мен өйткені сағынышпен былыққанмын
Шаруаң бітті мен үшін саудаң бітті
Алған адам жаратар алуан көпті
Кіршең еді онсызда мына жүрек
Жараланғыш жүрегім алданбапты


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері