Анажаным!!!

Бұл бетте «Анажаным!!!» атты Тоқтарқанова Дана жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Анажаным бақыттымыз өзіңмен,
Күннің нұры көрінеді көзіңнен.
Бізге деген сезіміңнің жылуы,
Сезіледі ақ пейілді сөзіңнен!

Кеше ғана бала едік өрімдей,
Уақыт шіркін өтіпті ғой білінбей.
Бүгінде міне бой түзетіп,ер жеттік,
Бақшаңдағы жайқалып өскен гүліңдей.

Марқаясың ұлдарыңмен,қызыңмен,
Біздер үшін түн ұйқыңды бұзып ең.
Бəйгеге қосқан тұлпарларың олжалы боп топ жарса,
Жанарыңнан қуаныш жасы үзілген.

Маматайым,сіз деп соғар жүрегіміз,
Əкешім екеуіңіз дүниедегі тірегіміз.
АЛЛАМ сіздерге ұзақ ғұмыр берсе екен,
Сол ғой біздің балалық ақ тілегіміз!

Авторы: Тоқтарқанова Дана Русланқызы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (9)

Сулейменова Шолпан

Өте тамаша,керемет жазылған. Талабыңа нұр жаусын! Қаламың құрғамасын!

Сулейменова Шолпан

Өте тамаша керемет

АЛЫМБЕК ШАРАПАТ

Өте жақсы керемет шабытыңыз шарықтай берсін

Рахмет

Сулейменов Мирас

Тамаша

Шынар

Қаламың ұштала берсін! Сəттілік саған,Дана !

Шынар

Сəттілік тек,саған Дана!

Көп-көп рахмет сізгеsmiley

Өнермен шыңдарды бағындыр!!!

Осы автордың басқа өлеңдері