Күнәсіз мекен, қайдасың?
- 0
- 0
Жазамын деп көлемді бір шығарма,
Тыншымадым тірліктің тынысы барда.
Жалпақ жұртқа жариялап, жарқырар ма?
Не болмаса, кеудемде тұншығар ма?!
Бұл бетте «Жеңіске 72 жыл!» атты DinaraAbilova жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазамын деп көлемді бір шығарма,
Тыншымадым тірліктің тынысы барда.
Жалпақ жұртқа жариялап, жарқырар ма?
Не болмаса, кеудемде тұншығар ма?!
Мазасыз минуттарым сырғанауда,
Сынап – күн, бұлаң қағып шырғалауда.
Жүрекке иманымды жинамасам,
Жолымнан әзір тұрар бұрмалауға.
Ерім менің мойныма кете берді,
Көп көріп ем көктемде көтеремді.
Сүйеу көрмей сүреңсіз тіршілігім,
Бір жығылып, бір тұрып өте берді.
Жолымды қара мысық – өсек кесіп,
Ызадан булығамын қос өкпе ісіп.
Ауысса бір үзім нан, бір шыны шай,
Қайтып біз ел боламыз есептесіп.
Ааап
Бұл əдемі өлең
арсылан
керемет
Nurrr
Керемет өлең