Қазақтың да Асылы
- 0
- 0
Қазақтың да Асылы,
Әзербайжанның да Асылы.
Қазағымның тілі үшін,
Қасиетті діні үшін.
Бұл бетте «Дара тұлға(Мұқағалиға арнау)» атты Қадылбекова Зульфира Қадылбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазақтың да Асылы,
Әзербайжанның да Асылы.
Қазағымның тілі үшін,
Қасиетті діні үшін.
Алла берген ақындық бағым менің,
Патшалығым мәңгілік тағым менің.
Қиял жетпес қиядан қисын тауып,
Жаңылысып көрген жоқ жағым менің.
Көп болса білгеніңнен білмегенің,
Хош алғын білімдіні, күндемегін.
Жаулассаң өзіңе жау жазығы жоқ.
Орынсыз ата-анасын тілдемегін.
Болмаған соң түйсігі, түсінігі,
Қайдан болсын бойында кісілігі.
Кісілігі жоқтарға ешқашанда,
Ешбір жанның түспесін ісі, күні.
Хансың ба, қарасың ба, данасың ба?
Тілегім адамзаттың баласына.
«Ұлымын, ұлықпын» деп, бір Алланың,
Қаһарлы ұшырама жазасына.
Nazerke
Керемет шыккан туынды
Азамат
журектен шыккан соз журекке жетеди