Туған жермен тілдесу
- 0
- 0
Қаға, қаға қанатымен шарықтайды,
Кеңдігінен кеңістіктің жалықпайды.
Қарғаның да, қыранның да аспаны бір,
Бірі төмен, бірі биік қалықтайды.
Бұл бетте «Түкпірінде түпсіз терең көңілдің» атты Дидар Қуаныш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дидар Қуаныш — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Дидар Қуаныш өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Қаға, қаға қанатымен шарықтайды,
Кеңдігінен кеңістіктің жалықпайды.
Қарғаның да, қыранның да аспаны бір,
Бірі төмен, бірі биік қалықтайды.
Таңдай алмай келем әлі бір жолды,
Тамыр-тармақ таңдар жолдар сыр болды.
Бала шақта сыртқы бетім кір болса,
Өскен шақта ішкі бетім кір болды.
Өлең болам өмірдің өрнегіне,
Сезім мұңым соңымнан ермеді ме?
Айналамды қоршаған сұрақ белгі,
Айналдым ба тағдырдың ермегіне?
Мен өмір сүремін...
Нұр жанарында бақыттың,
Ақ кірпігінде уақыттың.
Мен өмір сүремін...
Мен іздеген біреу бар...
Ол жүреді асфальтында қазақтың,
Топлиымен қытайдың.
Оған білем, сұрғылт күзде жолыққан,
Бір соғылмай тұра алған бұл бас қашан?
Жарқ етсін от, жүрегіңе тас қаша!
Ертеректе мен сезінген, мен көрген,
Мынау өмір басқаша еді, басқаша!
Sofia
Sofia
Didar zharaisin!!
didow10011993
Sofia, үлкен рахмет