Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала
- 0
- 0
Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала,
Таң атсын арамыздан арайлана.
Жаныма жақын туған, жұлдызым-ау,
Көзіме түспей келдің қалай ғана?
Бұл бетте «Екі ғасыр үндеуі» атты Алишер Гарифоллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бауырыңа қысып сүйіп мені аймала,
Таң атсын арамыздан арайлана.
Жаныма жақын туған, жұлдызым-ау,
Көзіме түспей келдің қалай ғана?
Ей жүрегім, тұрмысың сезіп мұны.
Тағдыр мені кімдерге кезіктірді?
Бағаламай отырғанда бақытымды,
Бақытсыздар жөн сілтеп кезіп тұрды.
Көздерімнен көрінгенде сәуле нұр,
Үнілуін, сыр іздеуін әуре құр.
Жанарымның жасықтығы жасырып,
Қалдырады шарасыздық қалде бір.
Мендік сезім сенікінен бөлек шығар,
Бірақ оны өшіру керек шығар.
Өзге жанға қарамай жүргеніме,
Сені қатты сүйгенім себеп шығар.
Сезім жыры бөледі ылғи ұйқымды,
Көз алдымда әрбір сөзің, бар тұлғаң.
Сырт көздерге көрінбейтін сиқырлы
Бір көпір бар арамызға тартылған.
Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым,
Сүю жайлы тек іштей қиялдадым.
Қолды бір-ақ сілтер ем, бірақ, бірақ
Мен басқаның көз жасын қия алмадым.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі