Бар төзімім таусылып
- 0
- 0
Бар төзімім таусылып,
Жан сезімді ұшырдым.
Елесіңді қаусырып,
Келмесіңді түсіндім.
Бұл бетте «Сағындым» өлеңінің мәтіні және толық мазмұны берілген.
Бар төзімім таусылып,
Жан сезімді ұшырдым.
Елесіңді қаусырып,
Келмесіңді түсіндім.
Жағасында теңіздің жылап тұрмын,
Қиылмаған некесі қалындықтай.
Көзден шаттық бұл күнде жырақ сырғып,
Би билеп жүр толқындар халімді ұқпай.
Көңілімнің еркін ашып есігін,
Жүрегімнің төрін саған ұсындым.
Өмірімді арнасам да несі мін?
Сенсіз тірлік ете алмаспын.
Құмды сүйем, сен жүрген ізің бардай,
Ерінім жанып, елестеп жүзің қардай.
Бал түндердің базары тарқағасын,
Жаз жабырқау болғанда күзім сондай.
Жынды елестің шуағына малынып,
Махаббатпен ауырып.
Ұшпай жатып қанатымнан қағылам,
Құшпай жатып сағынам.
Жауапсыз қалса да хаттарым,
Атыңды құрандай жаттадым.
Нұр шашқан жүзіңе ынтығып,
Құмарлық қақпасын аттадым.
Aizhan201075
Бұл махаббат мәлім екен талайға,
Жаны нәзік, құлазытпа абайла!
От сезімге түсіп қалсаң жігіт-ау,
Қыз қылығы тəтті емес пе, алайда.