Мен – қазақпын! – Абдулла Сакимбай

Бұл бетте «Мен – қазақпын!» атты Абдулла Сакимбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен қазақпын, әр бауырын ерсінген,
Бауырлы елін дұшпаны да көрсінген.
Қынабынан қылышының қан тамған,
Еңбегінің жемісіне тер сіңген.

Мен қазақпын, бір белесті тұғырлы,
Тұғырлы елдің тыныштығы ғұмырлы.
Төл тарихы ғасырлармен үндескен,
Бағы болған кешегіден бүгіні.

Мен қазақпын, тәуелсіз ел ұлымын,
Төмендемен биік әркез тұғырым.
Салт-дәстүрін сақтап өткен мәңгілік,
Құнттап өткен асылдардың сынығын.

Мен азатпын, азат елдің ұланы,
Шын күресте шағылмаған шыдамы.
Тәуелсіз ел тәубесінен түспеген
Ар-намысым мәңгі аспандап тұр әлі.

Мен азатпын, кенді жерін кең деген,
Кең кеудесін әнмен, жырмен емдеген.
Отыз елдің қатарына қосылған,
Арпалысқан елу мықты елменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар