Өлең, жыр, ақындар

Басымды иіп кішкентай жүрегіммен!!!

Бостандықты ту еткен бабаларым,
Азаттықты аңсаған аналарым.
Отарлықтың бұғауын бұзып-жарып,
Теңдік үшін жыртысқан жағаларын.

Күндер өтті мұң басқан күрсінумен,
От шарпыған шайқаста, Күн сүрінген.
Тартты заман азабын, тартты халқым,
Арылмаған арсыздық, түршігуден.

Сондай шақта батырлар атқа қонды,
Бергізген жоқ ерлерім жатқа жолды.
Аруақты бабамыз Жанқожа, Ақтан,
Жауға ұмтылды тайсалмай бастап қолды.

Желтоқсанда Қайраттар алаулады,
Бодандықтың күлге ұшты қараулары.
Жігіттермен бір сапта тұрды сонда,
Намыс буған қазақтың арулары.

Отқа жанды ұлтым деп қыршындарым,
Ала кетті өзімен тылсым жанын.
Тәуелсіздік жолының құрбандары,
Жүректерде мәңгілік тұрсың бәрің.

Тәуелсіздік!
Сен менің аңсағаным.
Бабаларым қырылды қаншама мың.
Жүректерде жайғасты қаншама мұң.
Соның бәрін бүгінде сілкіп тастап,
Келбетіңе қараймын, тамсанамын.

Ерлігі деп бабамның жар саламын.
Басымды иіп кішкентай жүрегіммен.
Тәуелсіздік,
Өзіңді қарсы аламын!



Пікірлер (2)

Дәулет С

Құдайға шүкір, қазақ тілінде өлең жазатындардың көптігі қуантты, сандарың және оқырмандарың көбейсің.

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсыңыз, авторы өзім дегенді таңдаңыздар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар