Жан толғау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Əр қайғымнан ақ жүрегім қараңғы,
Не улайды ,түсінбеймін санамды?
Жақсылықты сирек қана сезініп,
Жиілетіп көре берем жаманды.

Тас емесқой,менің мына жүрегім,
Мұң боп туат неге ылғи өлеңім?
Əлде өзіме қапас етіп алғамба?
Мейірімсіз бір адамның жүрегін.

Мейлі бəрі түсініксіз бұл күйім,
Өлең үшін маған деген бір түйін.
Жалған бақты əдемі етіп жазаалман
Шынайлық жоқ жырдың құны бір тиын.

Жазалы мұң ,қазалы мұң сан түрлі,
Əр келбеттен көре аламын əркімді.
Өтірік елес құрып жазған өлеңмен,
Шығаруды қаламаймын даңқымды,
Дəл осылай қабылдаңдар қалпымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан толғау өлеңінің авторы кім?

Əсем Іздібаева Сағынтайқызы — осы өлеңнің авторы.

Жан толғау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жан толғау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Əсем Іздібаева Сағынтайқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан толғау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері