Жаңа жылда-жаңа жыр – Самғар Жарқынбек

Бұл бетте «Жаңа жылда-жаңа жыр» атты Самғар Жарқынбек жазған поэзия туралы өлең берілген.

Жаңа жылда – жаңа жыр
Ескі менен жаңасы кескілесіп,
Тағы да бір жыл кетті көшке ілесіп.
Жадыраттың жаңа жыл жанымызды,
Өткен жылғы өкініш кетсін өстіп.

Ғасырдар қойнауына жылжып әрі,
Тағы да бір жыл кетті, тұнжырады.
Өткен жылдың есте қап қуанышы,
Жаңа жылға арналар мың жыр,әні.

Жарқырайды шыршада жаңа жылғы от,
Тағы да бір жыл келді жаңа жыр боп.
Барша жанның төріне бақ боп енсін,
Өмірімізде болсыншы жаңа жыл көп.

Бақ, береке, құт болып жерімізге,
Тағы да бір жыл келді елімізге.
Әрқашан да жалғасқан жақсылыққа,
Құтты болсын Жаңа жыл бәріңізге!


Пікірлер (1)

Аяжан

Өте керемет, жарайсыз!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері