Өлең, жыр, ақындар

Бар әлем бірге менімен...

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 322
«Айтуға оңай! – ойландым мен, –
Қайырымдылық көрсетуді
Сенің маңдайыңа тағдыр жазған.
Сенімен бірге болған әрбір жан,
Сол бір сәт, таңғажайып түс көргендей,
Өзін сүйікті жандай сезінер.
Қатал тағдыр-жазмыш ажыратса егер де бізді,
Онда маған неге керек сенің бағасыз, қымбат өсиетің!»
Сен де кеттің!
Бүгінгі күннің уақыт, мезгілінен не күтем мен?
Бекерден-бекер күйіп-пісіп жүрмін күнде жолда,
Тар жол тайғақ кешуменен.
Тамаша, әдемі деп айтылғандар түгелімен,
Бәрі де болар жақсылық.
Сахара шөлінде жүргендей азып-тозып,
Қамығып-зарығып қуанамын,
Көздің жасын селдетіп бүгінде
Жүрегімді сендіріп жұбатамын.
Өлім мен өмір – қатал күрескен
Менің жалындаған от-шоқтарым,
Тек сендердің биліктеріңді өшірместен,
Көңіл қайнап, қайғы, мұңдар,
Көкірек, шіркін, бөлініп жүз, бөлшектеніп,
Лек легімен жүрегіме құйылыңдар, толыңдар.
Табылса екен денеге түскен
Жарақатты жазар бір ем дәрі,
Бірақ та, батылдық пен еркіндік
Жүректе жоқ.
Жер бетіндегі, бар көріністі, қуанышты көрмеуге,
Қалайша? Болар ма екен?
Мақсатты құртуға?
Кейде армандап, ойға шомып,
Кейде шаттана қуанып,
Кейде белгісіз күйге енесің.
Өміріңе, амалсызсың,
Сыйға берген бақытың, замандасың,
Келер, кетер, желдей есіп, жанып ағып.
Кел, қоштасайық ағайындар!
Қалармын-ау мен жападан жалғыз.
Қараңғы қалың орман-тоғай,
Жабайы жартас таулардың арасында,
Сендер енді алға ұмтылыңдар,
Тайсалмастан – шексіз дүние-әлемге,
Таңғажайып, рахат, шіркін, өмірге!
Ашық аспан, жер-ана, су,
Табиғаттың бар байлығын,
Қойнауын – буын-буынға бөлшектеп,
Бәрін де көріп біліңдер.
Тамаша, керемет қосағыммен некеленген
Мен бақытты едім,
Бар әлем – бірге менімен,
Жаратылысымнан құдайым қолдап мені,
Ішінде көптеген игілік істер мен
Жүздеген артығырақ бәлекеттер толы
Маған Пандераның қобдишасын сыйлаған,
Қайтарсам оны – өзімді-өзім жоғалтамын, өлемін, масқара болам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең мен мүсіндеу

  • 0
  • 0

Мейлі грек, қара батпақ балшықтан,
Соға берсін әсем, кербез сымбатты,
Мейлі мәңгі сол мүсінге болып таң,
Төксін лебін жалын атып тым қатты.

Толық

Өсиет

  • 0
  • 0

Әділ бол, адамзат,
Бол ізгі, ақыл ұқ,
Жауыздық саған жат,
Емессің мақұлық.

Толық

Лили қызға. Айға

  • 0
  • 0

Күнгірт түске оранып,
Жазық дала мен көк майсалар,
Дүниенің түпкір түбіне алып кетті,
Сезім тола армандарды.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер