Наурыз
Бұл бетте «Наурыз» атты Мұқағали Мақатаев жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Ақпан кетті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің наурыз жүр,
Мұз көргісін ақпанның лақтырып.
Тозған тонын бойына кие алмай бір,
Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр.
Асқар таулар атасын шақырады,
Ой мен қырын атасы қия алмай жүр.
Қарар емес наурыз атағына,
Алар емес ақпанды қатарына.
Күні бойы жылаған қарт пенденің,
Түні бойы мұз тоңды сақалына.
Күшті
Күштіііі....
Маған өте өте ұнадыыыыыы!!!!!
Маган унады катты катты
Өте керемет
Өте керемет
Маған өте қатты ұналыыы!!!!!
Маған ұнады
Өте жақсы
Маған катты унаааадддыыы
Өте жақсы
Маган наурыз өленіңіз қатты ұнады. Мен наурызда айтамын. Сол себептен наурыз туралы өлең іздедім
Өте керемет!!!
Өте жақсы
Қатты ұнады
оте керемет маган унады
Күшті маған ұнады
Күшті маған ұнады ❤❤
Маған өте өте ұнадыы
Өте әсерлі,күшті,мән мағынасыда жақсы маған ұнады өте өте қатты ұнады
ұқағали Мақатаевтың «Наурыз» өлеңіні супер
Мұқағали Мақатаевтың «Наурыз» өлеңі – көктемнің келуін, қыс пен Наурыздың күресін, табиғат пен адамның арасындағы нәзік байланысын керемет бейнелейтін поэзиялық туынды. Ақынның тілінде қыс аттанып, Наурыз келіп, табиғат жаңарып, әр жүрекке қуаныш сыйлайтыны шебер көрініс табады. Бұл өлең Наурыз мерекесінің рухани мәнін терең сезіндіреді, оқырманға көктемнің шуақ лебі мен ұлттық мерекенің сұлулығын жеткізеді. Мұндай шығармаларды оқу — қазақ поэзиясының тереңдігі мен нәзік көркем тілін тану мүмкіндігі.