Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Мәңгілік жастық

Бұл бетте «Мәңгілік жастық» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2015
  • 1
  • 3
  • 23811
Мәңгілік жастық,
Мәңгілік жасыл,
Көкпеңбек.
Алақай, біздің алаулы жастық еткен жоқ!
Қуарған күз де,
Бозарған қыс та, мінеки,
Майменен бірге оралды тағы көктем боп.
Бүкіл ғаламның,
Ынтымақтығын байқаған,
Дүниені тегіс жасыл нұрымен шайқаған.
Жалғанды мына,
Жасыл нұрымен жасартып,
Жадырап күліп,
Май айы келді қайтадан.
Биылғы май бір бөлек,
Далаға шыққын,
Бақтарда өнген гүл де ерек.
Өсуі үшін,
Өрбуі үшін адамның
Осындай көктем,
Осындай тұнық Күн керек!
Биылғы көктем...
Бәрінен ерек түр бөлек!
Биылғы көктем
Басталды биік мінбеден,
Шашылды шуақ, Кремль тұрған іргеден,
Сөзінен ұғып, көзінен танып Ильичтің
Отанды көрдік,
Ұрпақты көрдік гүлдеген.
Бәрінен ерек,
Биылғы біздің жасыл Май.
Дүниеге кетті,
Шуағы сиреп басылмай.
Құрлықтарда да,
Мұхиттарда да тұнып тұр,
Ғалам тойына партиям шашқан шашудай.
Осылай тұрсын
Осылай мәңгі көктесін!
Шаң ұшып жерден,
Аспаннан ызғар төкпесін.
Мәңгілік мына құрлықтардың бетінен
Мәңгілік жастық -
Мәңгілік көктем кетпесін


Пікірлер (3)

есмахан бағила

өте тамаша керемет !

МӨЛДІР

Бәрі өте өте керемет

Койе

Қойе

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік жастық өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік жастық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік жастық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік жастық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері