Өлең, жыр, ақындар

Қазіргі махаббат

Жас жігіттің көзі түсіп аруға,
Іс қылады қалай оған баруға.
Ұнатқаны соншалық сол аруды,
Көзі менен жүректе от жануда.

Оянды оның сезімі сол бір сəттен,
Жігіті оның болмасыншы деп бір əттең.
Деді жігіт қылығымен баурап алған,
Ғашық көзбен сұлу қызға неткен тəттең.

Танысады асықпай өтіп күндер,
Жігіт сыйлар аруға күнде гүлдер.
Сезім оты лаулай түсіп бұл жандардың,
Бірі болмай қалса көңіл күңіренер.

Жігіт жасап ұсынысты ғашығына,
Көріседі содан бастап асығыса.
Енді міне қыз бен жігіт жұп болады,
Жігіт сөзі енді қызға дөп болады.

Өтіп жатты айларың талай-талай,
Махаббаттың көздері балбұл жайнай.
Қалықтап сезімнің от аралына,
Қос ғашық қанат қағар айға қарай.

Бір күні əскерге ұл жөнеледі,
Екі жас қимай біраз бөгеледі.
Сонда қыз жігітіне уəде беріп,
Сені жаным күтемін деген еді.

Сұлу қыз өз суретін беріп ұлға,
Енді кəне жөнелгің,ұзақ тұрма.
Сонда жігіт ішінен ойланады,
Білмеймін көрінеді бір гəп мұнда.

Жарты жыл өткен соң хат келеді,
Не болмақ бұл жандардың келешегі.
Жазыпты: қайтар менің суретімді,
Енді жүрек өзгені сүйген деді.

Сонда жігіт не жазам деп жауабына
Ұялды енді сол суретке қарауғада
Жиып алып достарынан қыздарының
Суреттерін салады хатқа сонда


Кешір мені түспей жатсың есіме деп,
"Сен кім едің?"деп жазады жүрек гулеп.
Мен жіберген суреттердің арасынан,
Жігіт айтты тауып алғың өзіңді деп.

Бұл өмірдің жайқалған сен гүліндейсің,
Қабақ түймей əрқашанда күлімдейсің.
Əйтсе дағы жазған мына өлеңімнің,
Негізгі ойын мықтылап түсінгейсің.



Пікірлер (3)

Нұрқуат

Махаббат туралы өлең деген осындпй бола мекен
Сүйіп күйіп соңында ажырасып махаббаттан опық жеп түңіліп

Алиа

Өте жақсы бірақ ☝маған көрсетпей жатыр қалай айтам

Али

Өте өте жақсы. бұл жерде балаға нақты сабақ бере алады

Пікір қалдырыңыз

Өшпесін тарихы қазағымның!

  • 0
  • 0

Ақтарып тарихтың сан қойнауларын,
Аралап батыр өткен жол бойларын.
Біліп жүргің танытып ізденісті
Тарихта баға жетпес қойнау барын.

Толық

Байлыққа құнығумен жүре берме

  • 0
  • 0

Байлыққа құнығумен жүре берме,
Олардың болмас тіпті бірі жүлде.
Ойлағаның атақ пен мансап болса,
Олармен ашылмайды жолың мүлде.

Толық

Қадір түні

  • 0
  • 0

Шүкір айтып жеттік айдың сұлтанына,
Пайғамбар нұрын шашып ұрпағына.
Жалқауланбай тілейік дұғамызды,
Мүмкін мұндай туылмас күн тағы да.

Толық

Қарап көріңіз