Көш – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көш» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2459
Көз ұшында бір белеңнен бір белең,
Жол шетінде бас шайқайды бүрлі емен.
Жотасына ғасыр теңін артып ап,
Заман атты көш барады дүрбелең.
Алдымыздан кең ашылып жыл есік,
Көңілімнен тұр келешек гүлі өсіп.
Өмір деген көш соңынан жазылмай,
Бір шуда бұлт шаң келеді ілесіп.
Ентігемін, жолдар, жолдар бұралаң,
Көңіл көзі жатқан жалпақ бір алаң.
Көш соңында сым ішектей тартылып,
Сәл босаса адам болы бұраған.
Асықпайын, кеш батқан жоқ, түс әлі,
Қиял, қиял жұртқа тастап, ұшады.
Қиялымда өмір жүзіп келеді,
Үйір-үйір толқынды алып құшағы.
Меңірейіп түк сезбестен тұр шынар,
Маңайымда мазасыз үн, бір шу бар.
Нар үстінен шаңырақты көтермей,
Уа, достар неге қарап тұрсыңдар!?
Күндер, күндер жетелеші, басташы,
Көш деген бір өмір, уақыт қоспасы.
Жол үстінде адамға адам қосылып,
Адам болмақ ғасырлардың көш басы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көш өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері