Кешірдім – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Кешірдім» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Белгісіз кезде мазамды алып,
Сен туралы ән жазармын анық.
Өтіріктен арқан өргізіп қана
Беймезгіл тұстан қаларсын шалып.

Сенбеймін саған, сенші демегін,
Құшағына алып, келші демегін.
Өзім мен өзім қалармын, қалқам
Жүректің кілтін берші демегін.

Өзін сөндіріп жүректің отын,
Өзін бүлдіріп қайтарып сосын.
Несіне әуре боласын көкем
Күтпеген жерден боласын, тосын.

Қасында жүргенде қадірді білмей,
Азапқа толы өткіздім күнді-ей.
Қалайша көзге қарап тұрсын сен
Ұят деген жаным, сезімді білмей.

Кешірер Алла, кешірдім мен де,
Өткен күндерді өшіргің сен де.
Жазасың алар лайықты өзі
Адамға жазған пешенесіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері