Сезімдер сіркірейді өлең болып – Анар Талапқызы Акишпаева

Бұл бетте «Сезімдер сіркірейді өлең болып» атты Анар Талапқызы Акишпаева жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Сезімдер сіркірейді өлең болып,
Жүректегі жалынға демеу болып.
Толғаныстан шырқаймын ғашықтықты
Махаббатың төрінде қонақ болып.

Кездейсоқ таныстық та екеуміз,
Бұл сәтте сезбек едік жалынды біз.
Міне, тағдыр қадамымды оңға басты
Махаббатты алғаш рет сыйлық етті.

Қандай бақыт сүйетінді сезетін,
Қандай бақыт өмірді де көретін.
Тұңғиықтан күнге шығып жаралған,
Бақытыңды қолға алып күлетін.

Ойлаушы едім, сезім келсе не етер едім?
Ештеңені сезбейтіндей кетер едім.
Махаббаттың жолы қиын болғанымен,
Шыңына арпалысып жетер ме едім?

Сездім енді махаббаттың құдірет күшін,
Адамзат жаралған тек сүю үшін.
Екі жүрек бірге соғып қосылса
Жоқ екен басқа арман көңіл үшін. (2003 ж.)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезімдер сіркірейді өлең болып өлеңінің авторы кім?

Анар Талапқызы Акишпаева — осы өлеңнің авторы.

Сезімдер сіркірейді өлең болып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезімдер сіркірейді өлең болып өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сезімдер сіркірейді өлең болып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар