Шах Бехрамгер – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Шах Бехрамгер» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 603
Шах Бехрамгер,
Өлең-жырдың, тәтті бал-шырынын ашып бізге,
Көңілі қалап оның тілін тапқандай.
Бойжеткен қыздың ерекше бір қуанышты,
Нәзік сезіміндей.
Құрбысы оның өлең-жырларымен,
Төгілте бір жауап қатар.
Соған ұқсап, сен де маған, қымбатсың,
Дабыл қағып жұмбақ сөздер ашылып,
Бехрамгөрге қызғанышты тудырмай,
Өз патшалығымды мен құрдым.
Өлеңіңмен көңілімді хош еттің.
Әндетіп, шіркін жүрек төрінен,
Үнменен үндер бірлесіп,
Көздермен көздер кездесіп,
Бәріне де жауап қаттың бар өміріңмен.
Жолдаймын өзіңе арнап туындымды,
Алыс жерге –
Жоғалғанмен дауысы, сөзі жетер.
Жарық жұлдыздар сөнгенменен ішіндегі,
Махаббат жер бетінде өлмес мәңгі.

1815


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шах Бехрамгер өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Шах Бехрамгер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шах Бехрамгер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шах Бехрамгер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері