Қоштасу

Бұл бетте «Қоштасу» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2018
  • 0
  • 0
  • 3925
Кешегі көп күдік пен күмән қалып,
Қолымыз жетті,
Тәубе бұған да анық.
Көне жұрт!
Қош бол енді көріскенше,
Көз алдым бара жатыр тұманданып...
Аз күнгі қонағың ем шақырылған,
Не күттің,
Не тіледің ақыныңнан..
Жастанып Сайрам көлді сен жата бер,
Толқының мен болайын сапырылған.
Әке жұрт!
Сен тұрғанда тілекке бай,
Ұшармын туған көлге түлеп талай.
Әзірше мен төзермін сағынышқа,
Білмеймін,
Шыдар екен жүрек қалай?!
Жаныңа азық болар күш-қуаты,
Көретін туған елді түсті сәті.
Алпыс күн арадағы тез-ақ өтті,
Көретін қас-қағымда тұс сияқты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштасу өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Қоштасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері