Айдаушы – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Айдаушы» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.03.2018
  • 0
  • 1
  • 8728
Ойдан ойды тудырып,
Толқынды толқын қудырып,
Айдаған бәрін бір өлең;
Тар жүрекке қысылып,
Кең теңізде шашылып,
Көк жүзіне көлбеген.
Көпіріп көкке бір шығып,
Жүректің жарын қусырып,
Күңіренген де, тербеген.
Теңізді терең сапырып,
Жүректен құрақ жапырып,
Тепсіне тепкен, ерлеген.
Жүйрік жанды жүйткітіп,
Жай көңілді ұйтқытып,
Тербегенде не деген?
«Қурайдай өмір солғанша,
Жер койнына қонғанша
Айтарыңды айтып ел!» деген.


Пікірлер (1)

Ербол

Өте күшті әрі оңай❤️‍❤️

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері