Орман – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Орман» атты Ілияс Жансүгіров жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 25.03.2018
  • 0
  • 1
  • 10691
Махаббат гүлі ерекше,
Ерте неге көктеп ең?
Өртедің - ау бөлекше,
Махаббат гүлі ерекше,
Құлады қиял терекше,
Мен құлағам, жетпегем
Махаббат гүлі ерекше,
Ерте неге көктеп ең.
Қырға қызыл атты таң,
Тарихи ұлы шабуыл,
Алда айқын даңғыл жол,
Текпінді екпін, көшті ұран,
Еңбек алдыналаны.
Еңбексіздер ыңыранды,
Ұлы думан, ұлы шаң.
Қалсын кәне кім бұдан!
Қуан, жүрек, шын қуан!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Альфия

Керемет

Осы автордың басқа өлеңдері