Оқуға шақыру
Бұл бетте «Оқуға шақыру» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Керемет екен
менде келісемін оқысаң қызық
Өте керемет мен жаттап алдым , маған ұнады
Өлеңдері өте жақсы
Өлеңдер маған ұнады
өте керемет
кыиын екен
өте керемет дами бер
.
Адамдық диқаншысы кім білмедім?
Керемет екен келисетиндер бар ма
Кушти
Өте жақсы.Өлеңдерді оқып жүрмін
кушти мен абаидын олендеринин барлыгын билем абаидын 175 жылдыгына осыны аитам да итуп ка жарияламын
Өте керемет
өте керемет!
Мен осы өлеңді жақсы көрем
Супер
өте керемет
Оте куштывдемы
Ия йа
Өте өте керемет. Ахмет Байтұрсынұлы қте керемет ақын
өте керемет өлең
هلزيودهضى
Өте керемет екен
Өте керемет
Уау, Ахмет Байтұрсынұлының 'Оқуға шақыру' өлеңі супер! Таңертең тауық шақырғанда, күн жылтырап тұрғанда, қоңыз жүк сүйреп, ара бал жинап жүргенде – барлығы жұмыста, ал адам баласы жатпауы керек екен ғой. 'Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, Барады аралар да ұшып балға' деген жері өте әдемі суреттелген. Тоғайдағы тоқылдақ, сарғалдақ сайрауы, өзендегі балықшылар – табиғаттың өзі оқуға шақырып тұр! Соңындағы 'Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған' деген сөз – нағыз тәрбие. Балаларға осындай өлеңдерді оқытсақ, қандай жақсы болар еді. Рахмет, осындай өлеңдерді көбірек жариялаңдар! ????