Әлде батып кетті ме сөзім менің
- 0
- 2
Әлде батып кетті ме сөзім менің,
әлде сенше жоқ па еді өзіңде мін —
бұрыңғыдай жарқ етіп қарамайсың.
Түсіне алмай, түнімен көз ілмедім.
Бұл бетте «Көңіл» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлде батып кетті ме сөзім менің,
әлде сенше жоқ па еді өзіңде мін —
бұрыңғыдай жарқ етіп қарамайсың.
Түсіне алмай, түнімен көз ілмедім.
Адам болса сезім мен сенім іздер,
келіңіздер, бері қарай еніңіздер.
Менің байтақ әлемім – планетамды
көріңіздер аралап, келіңіздер!
Хабарым жоқ қасіретті шаң-күдіктен,
атырушы ем қырымда таңды үмітпен.
Табанымды сүйетін қытықтап құм,
жалғастырып жанымды мәңгілікпен.
Өзгелер қызық кешіп жатыр күліп.
Адамдар «ойнап-күлген күнә,» - дейді,
өздері сол күнәға батып жүріп.
Батсам деп күнәсына адамдардың,
Арука
Фариза Оңғарсынованың әр өлеңі – жан айнасы ғой. «Көңіл» деген осы шағын ғана шумақтың өзі қаншама терең ойға жетелейді. Әсіресе, мына жолдар:
«Біреуді жақсы көрген қандай жақсы -
Нұрланып кетеді екен бар айналаң!»