Иман жайлы кей имам салар үнге

Бұл бетте «Иман жайлы кей имам салар үнге» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4715
Иман жайлы кей имам салар үнге,
жұрт ұйиды көзі де, сөзі де ұнап.
Хафиз ақын айтқандай, ал өмірде
имандылық дегеннен өзі жырақ.
Мұсылмандық жайласа бетін жердің,
құрбандыққа шалардай жанын қазір.
Баспақ беріп, орнына жетімдердің
өгізін алуға әзір.
Сол имамдай, саясат қуғандар да,
сөзбен жұмақ жасауға шебер бәрі.
Үміт артқан адал ел қу жалғанда
соларға сенер де әлі.
Сенер халық, қалса да арандап мың,
алдаушы, рас, бір күні құлайды анық.
Басын әбден қатырды адамзаттың
жер секілді тарих шыр айналып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері