Өлең, жыр, ақындар

Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3481
Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де,
адамдыққа, мәртікке, елдікке де,
сөйте тұра дүниені тындырғандай
баса алмаймыз аяқты кергіп неге?
Басымызға ой кірмей, кірмей міндет,
көлігімен мансаптың күндей жүрдек
зуылдаймыз, бас шайқап шытынамыз:
«Абайды ақын деседі… білмеймін», - деп.
Өрісінің көрсетіп кем-тарлығын,
жыр тағдырын шешеміз, ел тағдырын.
Жарымжан күй қалады-ау, енді қанша
сылығанмен жүректің шел-қалбырын.
Таланттарды «құлқы жоқ жағымды», - деп,
жол бойынан тастаймыз бәрін күреп.
Жер шарында, қарасаң, осы лаңнан
кетті өртеніп қаншама дарын жүрек…
Адамзатты жарық Күн қарсы алғалы,
ақиқаттың сөнбеді қанша арманы.
Топастардан тұтанар қиянаттың
ойлыларға түседі бар салмағы.
Заманында залым да, қу да – сері,
шындықты айтсаң, жейтіндей тура сені,
Әлде бәрі заңды ма?
Мүмкін онсыз
ұлылар да дүниеде тумас еді…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер ортасына келгенде

  • 0
  • 0

Жер ортасына келгенде
пайда болды бір құзыр:
өңешім бе, кеудем бе –
өртейді кеп бір қыжыл.

Толық

Ізденіс

  • 0
  • 0

Жалаңаяқ шарқ ұрып, шеңгел басып,
кезіп келем өмірді кеудем жасып:
болады екен адамдар арманы – қан,
қиянаттың қорықпай зардабынан

Толық

Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама

  • 0
  • 1

Сен мені күтпе ешқашан. Алаңдама.
Өзіңді айыптама, жамандама.
Жүрегің мен деп соқса,
басу үшін

Толық