Жүрегім күт мені – Аяужан Нұрмолда

Бұл бетте «Жүрегім күт мені» атты Аяужан Нұрмолда жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жүрегім неге ауырдың?!
Жырлар бар жазбаған қаншама,
Сырлар бар ашпаған баршаға.
Су ішкін бойыма тарағын,
Ем болып дұғам да жарағын.
Жүрегім неге ауырдың?!
Тастама кеудеңді ертерек,
Ауру қаш біздерден шеткерек.
Болды енді ұзаққа қинама,
Ауыр жүк талқан боп қирағын.
Жүрегім неге ауырдың?!
Орнасын Пейіштей тыныштық.
Тыныштық. Тыныштық. Бұл ыстық.
Біткен жоқ жұмысым бастаған,
Бастасам бітірмей тастаман.
Жүрегім күт мені иеңді,
Иең де бір саған сүйенді,
Ауырмай күшіңді жи енді,
ЖҮРЕГІМ
күт мені,
иеңді.


Пікірлер (1)

jumabike

Жүрегіңіздің нәзіктігі жазу стильіңізден-ақ көрініп тұр. Шабытыңыз шарықтай берсін!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім күт мені өлеңінің авторы кім?

Аяужан Нұрмолда — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім күт мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім күт мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аяужан Нұрмолда өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім күт мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері