Жазғы демалыс – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Жазғы демалыс» атты Гулназ Кабулова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2018
  • 0
  • 2
  • 19345
Жаздың ыстық күнінде,
Демалысқа шығамыз.
Бір топ бала жиылып,
Шомылуға барамыз.
Қандай қызық сол күндер,
Аптап ыстық күйдірер.
Қайта-қайта шомылып,
Соқты ыстық самал жел.
Жаз мезгілі тамаша,
Көңілді өтер әр күнің.
Дос болып біз бәріміз,
Ойнаппыз күн батқанша.
Таң атқаннан шығамыз,
Достарменен жиылып.
Дүкенге бірге барамыз,
Балмұздақ жеп жарыса.
Достарыммен көңілді,
Демалысты өткіздік.
Жыл сайын жаз мезгілін,
Өткіземіз тамаша.
Осылайша қызықты,
Өтсе егер демалыс.
Жолығып қалсақ егер де,
Ойнаймыз Құдай қаласа.


Пікірлер (2)

Кушти

Мыкты

Адик

Өте күшті, маған қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері