Бұл бетте «Мен еліммен мақтанам» атты Гулназ Кабулова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазақ елім салт-дәстүрін сақтаған,
Ұл-қыздары әдептен еш озбаған.
Ата-баба салт-дәстүрін жалғаумен,
Жақсылықты көрсек деп ек жастардан.
Қазақ елім, тұғыры биік ел едің,
Аман болсын, ауыл аймақ сыр елің.
Көкте биік желбіресін байрағың,
Ашық аспан тыныштықты тіледім.
Ел болайық бірлігіміз жарасқан,
Төбемізде тұрғай көріп жаратқан.
Келешегі жарқын болсын елімнің,
Қыран құстай көк аспанда самғаған.
Қаншама ұлы дана ақының бар,
Елім деп жанын берген батыр ұлдар.
Қашаннан азаттығын алған елім,
Тұрғандай шуақ шашып күн нұрынан.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі