Арион

Бұл бетте «Арион» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.06.2018
  • 0
  • 0
  • 3529
А. С. Пушкиннен аударма

Біз қайықта көп едік;
Желкенді біреулер жекті,
Тереңге сермеп, жөнедік,
Өзгелер есті ескекті
Жетекшіміз данышпан,
Желсізде ұстап рульді,
Үнсіз ауыр қайықты
Алып жүзді ілгері.
Мен де қамсыз сенім мол,
Оларға айттым... өлеңді
Бір кезде шулы көк дауыл,
Толқын теуіп жөнелді...
Батты басшы — жетекші! —
Тек сырлы ақын, жалғыз мен,
Лақтырылдым жағаға
Найзағайдан серпіген,
Мұнажатқа ежелгі
Жырлап, көңілім, айтшы өлең,
Құз жартастың астында
Хұлла тонды малшынған
Күншуаққа кептірем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арион өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Арион өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арион өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арион өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері