Тұтқын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.06.2018
  • 0
  • 0
  • 8229
А. С. Пушкиннен аударма

Қараңғы, дымқыл қапаста,
Отыр ем, тордан сығалап,
Еркінде шалқып жас қыран,
Жем іздеп келді жағалап.
Қайғылы мендей жолдасым,
Қанатын жиып алды да:
Шоқыды қанды қалжасын,
Терезенің алдында.
Шоқиды ойып жемтікті,
Терезеге қадалды.
Ойласқандай менімен
Сарыла салды назарды.
Жер шенеп, көкті көксеген,
Есіркеп қырдың қыраны,
Назарымен шақырып,
Айтқандай болды мынаны:
— Біз еркін құс, күн жетті,
Бұлдырлап бұлтта ұшалық.
Жарысып желмен теңізде,
Асқардың төсін құшалық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұтқын өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Тұтқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тұтқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұтқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері